Ақтөбе облысында жұмыстан шығып қалған күзетші өзіне тиесілі 1,5 млн теңгені сот арқылы даулап алды

Жалақы, ЖШС, күзетші, Ақтөбе облысы, өтемақы, сот, даулау, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2025 10:27 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе облысында серіктестік жұмысшысы сот арқылы 4 жыл дұрыс төленбеген жалақысы мен жұмыстан шығару кезінде өтелмеген өтемақысын даулап алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта азамат Т. еңбек шарты негізінде 2019 жылғы 26 ақпаннан 2023 жылғы қарашаға дейін күзетші лауазымында жұмыс істегені анықталды.

"Шарттың 5.1-тармағында сағаттық тарифтік мөлшерлеме 157,50 теңге және тәртіптік жаза қолданылмаған жағдайда тарифтік мөлшерлемеге ай сайынғы қосымша 52,50 теңге/сағат мөлшерінде белгіленген, яғни сағатына 210 теңге. Алайда Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 2019 жылы сағаттық тарифтік мөлшерлеме сағатына 259 теңгені құрайды".Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

2019 жылғы 24 мамырда еңбек шартына №1 келісім арқылы өзгеріс енгізіліп, шарттың 5.1-тармағына: "Атқарылған жұмыс үшін жұмыскерге нақты орындалған сағаттар үшін сағаттық тарифтік мөлшерлеме 180 теңге және тарифтік мөлшерлемеге ай сайынғы сыйақылық қосымша 60 теңге мөлшерінде жалақы төленеді" деп өзгеріс енгізілген. Яғни маусым айынан бастап сағаттық тарифтік мөлшерлеме сағатына 240 теңгеге өзгертілген. 2019 жылға төленбеген жалақы көлемі(салықтық ұсталымдарсыз) – 79 398 теңге, 2020 жылға – 76 608 теңге, 2021 жылға – 82 740 теңге, 2022 жылға – 510 562 теңге, 2023 жылға – 767 031 теңге. Барлығы – 1 516 339 теңге құрады.

Еңбек инспекциясы серіктестікке бұл қарызды және жұмыстан шығарылғандағы өтемақыны төлеуді міндеттеді. Осылайша, серіктестік еңбек заңнамасының нормаларын бұзып, сағаттық ең төменгі жалақы мөлшерін дұрыс анықтамаған. Осыған байланысты сот дауланып отырған нұсқаманы заңды деп таныды.

Талап қоюшының 2019–2023 жылдардағы жалақы берешегін өндіру бөлігі бойынша нұсқама шығарылған кезде талап қоюдың ескіру мерзімі бұзылды деген уәжі негізсіз деп танылды, өйткені аталған мерзімдер тек келісім комиссиясымен немесе сотпен ғана қолданылуы мүмкін.

Бұған дейін Астанада көшеде бойжеткеннің бөксесін сипаған ер адам жауапқа тартылғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: