Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда жұмыстан заңсыз босатылған күзетші сотқа жүгініп, жұмыс берушіден өтемақы өндіріп алды

Сот үкімі, Тараз, күзетші, заңсыз жұмыстан босату, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 19:09 Сурет: pexels
Тараз қаласының тұрғыны жұмыс берушінің өзін жұмыстан шығару туралы бұйрығына сотқа шағымданып, нәтижесінде қайта жұмысқа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қалалық сотының мәліметінше, талап қоюшы 2022 жылдың қаңтарынан бастап Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында еңбек шарты бойынша күзетші болып жұмыс істеген.

2023 жылдың қарашасында еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссиямен талап қоюшының жеке құжаттары "күзетші" лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, еңбек шартын бұзу мүмкіндігі туралы хабарлама берілген.

2023 жылдың желтоқсанында оған "вахтер" лауазымына және "электромонтердің" 0,5 штаттық бірлігіне ауысу ұсынылған. Алайда  2024 жылдың қаңтарында жұмыскерлер саны мен штат қысқаруына байланысты талап қоюшымен еңбек шарты бұзылған.

Бұйрықпен келіспей, талап қоюшы келісім комиссиясына шағым түсіріп, оның шешімі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрық заңды деп танылған. Сотта талап қоюшы оны жұмыстан шығару заңсыз болып табылатынын, себебі бұйрық шығарылған күні ол уақытша еңбекке жарамсыздық парағында болғанын айтып, талап арызды қанағаттандыруды сұрады.

Сондай-ақ, жұмыс берушінің біліктілік талаптарын растау туралы талаптары негізсіз екенін, себебі оның "заңгер" біліктілігі бар "құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша дипломы бар екендігін және осы лауазымда екі жыл жұмыс істеген айтып көрсетті. Жауапкердің өкілі талапты қанағаттандырудан бас тартуды сұрады және жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасасқан кадр бөлімінің қызметкері талап қоюшыны "күзетші" лауазымына қабылданған деп қате жазғанын, ол іс жүзінде "қарауыл" ретінде қабылданғанын түсіндірді.

"Сот шешімімен талап толығымен қанағаттандырылды, жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды. Талап қоюшы бұрынғы лауазымына қалпына келтірілді және мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыты үшін 702 мың теңге мөлшерінде жалақы, 200 мың теңге моральдық зиян және сот шығындары өндірілді", делінген сот хабарламасында.

Шешім заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: