Қағидалар құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды (кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тесттен (тестілеу) және жеке қасиеттерін бағалаудан өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (оператор) қатысуымен өткізіледі.
Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді, тест тапсырмаларының дерекқорын қалыптастыруды және оларды жаңартуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға (көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Кандидат Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (тестілеу бағдарламалары) бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымының санаты бойынша өтеді.
Тестіленуші кандидат талаптарды бұзған жағдайда, оператор осындай кандидаттың тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте оператор бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бұзу туралы актіні (бұзу туралы акт) толтырады.
Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады.
Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері бірінші, екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарының санаттарына жарамды.
Тестілеудің екінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарының санаттарына жарамды.
Тестілеудің үшінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарының санаттарына жарамды.
Тестілеу нәтижелері оның өткізілген күнінен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде Сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат сол Сертификат жарамды болып табылатын тестілеу бағдарламасы бойынша қайта тестілеуден өтпейді.
Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттарға сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Бұйрық 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.