Қорықшы төсбелгісінің және арнайы киімінің нысандары бекітілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 тамыздағы бұйрығымен қорықшының төсбелгісінің және балық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімінің нысандарын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төсбелгі қорықшының айырым белгілері бар арнайы киімінің кеуде тұсының сол жағына тағылады.

Қорықшы төсбелгісі мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен мөлшері 72x56 миллиметр қалқан түрінде дайындалады. Төсбелгінің контуры кейіннен алтын түсті гальванмен көмкеріле отырып ені 3 миллиметр қатпарлау тәсілімен жасалады.

Жоғарғы жағында ортада "ҚОРЫҚШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ" деген алтын түсті жазу орналастырылған (әріптің биіктігі – 5 миллиметр, ені – 1 миллиметр).

Қорықшы төсбелгісінің нысаны

Сурет: құжат скриншоты

Қорықшының айырым белгілері бар теңбіл түсті (қорғаныштық түс) арнайы киімі мыналардан тұрады:

Күртелердің жағасы қайырмалы, ілмектер мен айырым белгілері тігілген. Күртенің сол жақ жеңінде иық тігісінен 120 миллиметр төмен шеврон тігіледі (немесе бекітіледі).

Эмблема

Сурет: құжат скриншоты

Эмблема мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құйма әдісімен жасалады, кейін алтын түсті гальваникалық жабынмен көмкеріледі,

Шеврон

Қорықшының арнайы киімінің жеңіндегі шеврон тығыз матадан жасалады және сопақша пішінді болады. Сыртқы және ішкі диаметрлер арасында мемлекеттік тілде сары түспен жазылған балық шаруашылығының атауы орналастырылады.

Сурет: құжат скриншоты

Шевронның ортасында сары фонда қалқан түріндегі қорықшының эмблемасы орналасқан. Эмблеманың жоғарғы бөлігінің ортасында сары түсті "Қорықшылық қызмет" деген жазу орналасқан. Эмблеманың ортасында алтын түстес күн шығатын Қазақстан картасының жасыл контуры, ал картаның фонында алтын түсті бекіре бейнеленген.

Бас киімнің кокардасы

Бас киімнің кокардасы мырыш, алюминий және мыс қорытпасынан құю әдісімен дайындалады, кейін алтын түсті гальваникалық жабынмен көмкеріледі. Бас киімнің кокардасының ортасында тік сопақ розетка орналасқан. Розетканың ортасында сопақшаны екі тең бөлікке бөлетін алтын түсті сегіз бұрышты, созылған жұлдыз орналасқан.

Сурет: құжат скриншоты


Сопақшаның сол жағы жасыл эмальмен, оң жағы көк эмальмен көмкерілген. Сопақ розетканың жиегінің үстіңгі беті сәуле шашқан алтын түспен бедерленген. Розетка екі жағынан да, әрбір жағына бес данадан алтын жалатқан лавр бұтақтарымен жиектелген. Кокарданың төменгі бөлігіндегі лавр бұтақтары лентамен тартылған.

Бұйрық 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты