Әскери қызметшілерге төлем жасау ережелері өзгерді

Фото: Zakon.kz
Қорғаныс министрі 2025 жылғы 19 тамыздағы бұйрықпен ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілеріне ақшалай үлесті, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат келесі тармақтармен толықтырылды:

Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді, резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді қоспағанда) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 9-тармағына сәйкес далалық төлемдер жүзеге асырылады.

Далалық төлемдерді әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығы негізінде ағымдағы ай үшін ақшалай үлесті төлеумен бір уақытта өткен ай үшін әскери қызметші қызмет өткеретін әскери бөлім (мекеме) төлейді.

Далалық төлемдер:

Сондай-ақ, құжатта көрсетілгендей, әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығарылған, әскери қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес және одан көп жыл болатын азаматтардың, сондай-ақ әскери қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан, жауынгерлік іс-қимылдарға және терроризмге қарсы операцияларға қатысушылардың мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітін тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлерде жүзеге асырылады.

Әскери қызметтен шығарылған азаматтардың мәйітін тасымалдауға дайындаумен, мәйітті тасымалдаумен, жерлеумен, құлпытасын жасаумен және орнатумен байланысты шығыстарды төлеуді қайтыс болған адамның қайтыс болуы туралы куәлік берілген орын бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттер жүргізеді.

Ақтайтын негіздер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда әскери қызметшіге ақшалай үлес Қағидалардың 26-1-тармағына сәйкес төленген соманы алып тастап, командирдің өкімінде мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.

Бұйрық 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты