Банкроттық рәсімі кезінде сұратылатын ақпарат туралы нысан және оны беру қағидалары бекітілді

Фото: pexels
Қаржы министрі 2025 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрықпен банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ағымдағы және сұратылған ақпараттың нысандарын, сондай-ақ оны беру ережелері мен мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылған ақпаратты ұсыну қағидалары мен мерзімдері мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарына банкроттық рәсімін жүргізу барысы туралы ағымдағы және сұратылған ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін айқындайды.

Қаржы басқарушысы банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей, ай сайын тиісті мемлекеттік кірістердің аумақтық органына ұсынады.

Қаржы басқарушысы есепті кезең бойынша ағымдағы ақпаратты жинақталған қорытындымен және ағымдағы ақпаратта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып ұсынады.

Мемлекеттік кірістердің тиісті аумақтық органына бұрын жолданған растайтын құжаттарды қайта ұсыну талап етілмейді. Растайтын құжаттар тек ағымдағы ақпаратқа жаңадан енгізілген мәліметтер бойынша ұсынылады.

Қаржы басқарушысының қағаз жеткізгіште ұсынатын ағымдағы ақпараты қаржы басқарушысының қолымен куәландырылады, ал электрондық түрде қаржы басқарушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Ағымдағы ақпаратты толтыру кезінде түзетулерге, өшірулерге және қателерге жол берілмейді.

Қаржы басқарушысы электрондық түрде ұсынатын ағымдағы ақпарат интернет желісінде www.qoldau.kz мекенжайы бойынша орналастырылған тіркеушінің ақпараттық жүйесінің интернет-ресурсы арқылы беріледі.

Қаржы басқарушысы ағымдағы ақпаратты ұсыну күні оны ұсыну тәсіліне қарай:

Мемлекеттік кірістердің аумақтық органы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкроттық рәсімін жүргізу барысы туралы ақпаратты ұсыну туралы сұрау салған жағдайда, қаржы басқарушысы сұрау келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, егер сұраудың өзінде орындаудың ұзақ мерзімі көрсетілмесе, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті мемлекеттік кірістердің аумақтық органына түсіндірме ұсынады.

Түсіндірме қаржы басқарушысының қолымен куәландырылады, ал электрондық түрде қаржы басқарушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ағымдағы ақпарат қаржы басқарушысының қызметін бақылау жөніндегі 34 іс-шараны көздейді, оның ішінде:

Бұйрық 2025 жылғы 12 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды