Микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызудың жаңа ережелері бекітілді

Фото: pexels
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеуді жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіздерге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін белгілейді.

Осылайша, берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер жеке және біртекті негізде бағаланады делінген.

Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптау (қайта сыныптау) және оларға қарсы провизиялар (резервтер) қалыптастыру мынадай талаптардың негізінде жүзеге асырылады:

Сыныптау мақсатында берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және сыныпталған болып бөлінеді.

Сыныпталуға жатпайтын, берілген микрокредит бойынша актив стандартты болып табылады.

Сыныпталған міндеттемеге жатпайтын, берілген микрокредит бойынша шартты міндеттеме стандартты болып табылады.

Берілген микрокредиттер бойынша сыныпталған активтер мен шартты міндеттемелер қалыптастырылған провизиялар (резервтер) мөлшеріне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:

күмәнді:

Қағидалар сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібін белгілейді.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы