Банктердің кепілдік қорына жарналарын есептеу ережесі бекітілді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық экономика министрінің м. а. 2025 жылғы 31 қазандағы бұйрығымен кепілдік қорына төленетін Екінші деңгейдегі банктердің жарналарын есептеу мөлшері мен тәртібін айқындау ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кепілдік қоры – қаржыландыру көлемі 7 (жеті) миллиард теңгеден аспайтын жобалар үшін кредиттер/қаржы лизингі/шартты міндеттемелер/форвардтық шарттар бойынша кепілдік беруге арналған, республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер, қаржы агенттігінің меншікті қаражаты, ЕДБ мен өзге де заңды тұлғалардың жарналары, сондай-ақ кәсіпкерлерден кепілдік шығарғаны үшін комиссиялар сомалары есебінен қалыптастырылатын қаражат жиынтығы.

ЕДБ міндетті жарнасының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

ЕДБ ерікті жарнасының мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

Жоспарланатын кепілдік беру көлемін ұлғайту қажет болған кезде ЕДБ қаржы жылы ішінде қосымша ерікті жарна енгізеді, содан кейін қаржы агенттігі қ қаржыландыру ретінде бөлінетін өз қаражаты есебінен кепілдік беру лимитінің барабар ұлғаюын қамтамасыз етеді.

Кепілдік беру лимиті ЕДБ мен қаржы агенттігі қаражатының жиынтық қатысуы есебінен қоса қаржыландыру шарттарында қалыптастырылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы кепілдік беру лимитін белгілеу туралы қаржы агенттігімен екіжақты келісім жасасқан ЕДБ осы ЕДБ-ге кепілдік беру лимитін белгілеу үшін қаржы агенттігі міндетті жарна бөлген өз қаражатының сомасына тең мөлшерде не 0,286 % мөлшерінде х жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы ғана уәкілетті органның деректері негізінде жыл басындағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік портфелінің жалпы сомасын төлейді.

ЕДБ міндетті жарналары ретінде төленуге жататын сомалар ЕДБ мен қаржы агенттігі арасындағы екіжақты келісімде көзделген тәртіпте біржолғы не бірнеше төлеммен төленеді. Бұл ретте кепілдік беру лимиті нақты төленген сомаларға барабар ұлғайтылады.

Кепілдік қорына төленетін ЕДБ міндетті жарналарының мөлшерлері мынадай тәуекел факторларының біреуі немесе бірнешеуі болған жағдайда қаржы жылының қорытындысы бойынша ұлғаю жағына қарай түзетілуге жатады:

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы пайдаланылмаған кепілдік беру лимиті және ЕДБ төлеген жарна есебінен белгіленген кепілдік беру лимиті келесі қаржы жылына ауыстырылады.

Бұйрық 2025 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты