Алматыда жол ережесін бұзып көрмеген көлік жүргізушілері марапатталды

Сурет: видеодан алынды
Алматыда полицейлер өмірінде жол ережесін бұзып, айыппұлға ілініп көрмеген көлік жүргізушілеріне сертификаттар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада жолаушыларды күнделікті қауіпсіз тасымалдауда жоғары жауапкершілік танытып жүрген 10 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ.

Оларға сертификаттар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

"Біз бүгін күнделікті тәртібімен барлық жол қозғалысына қатысушыларға үлгі болып жүрген азаматтарды атап өтудеміз. Алматы полициясы “Заң мен тәртіп” қағидатын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Әр жүргізушінің жауапкершілігі — жол-көлік оқиғаларын азайтудың және тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі кепілі", — деді Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шұмаев.

Профилактика жылы аясында осындай ынталандыру акциялары жалғасын табады.

Бұған дейін Алматыда жолаушылар тасымалына қатысты жаппай тексеріс басталғаны хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін