Абай облысында полиция қызметкерін қорлаған азамат жауапқа тартылды

Сурет: polisia.kz
Абай облысының 57 жастағы тұрғыны мас күйде қызметтік міндеттерін орындаушы полиция қызметкерін қорлады. Аталған оқиға полиция бөлімі ғимаратында болып, іс сот қарауына жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үржар ауданының №2 аудандық сотының шешімімен ер адам билік өкіліне қатысты қорлау әрекеті үшін кінәлі деп танылып, оған 40 сағат міндетті қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.

Абай облысы полиция департаменті 2025 жылдың басынан бері облыс аумағында билік өкілдерін қорлау фактілерінің саны 19-ға жеткенін атап өтті. Бұл оқиғалар азаматтардың құқықтық тәртіпті сақтауы мен полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға құрметпен қарауы қажеттілігін көрсетеді.

Полиция азаматтарды құқық тәртібін сақтауға шақырады және полиция қызметкерлерін қорлау немесе олардың қызметіне кедергі жасауға бағытталған кез келген әрекет қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатынын еске салады.

Бұған дейін ШҚО-да полиция қызметкері алты адамның өміріне араша болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін