"Цифрлық үкімет" ұсынатын цифрлық платформалар тізбесі жаңартылды

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 14:04 Фото: freepik
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 5 қазандағы бұйрығымен "цифрлық үкімет" операторы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтер тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулер цифрлық платформаны ұсыну жөніндегі қызметтер тізбесіне енгізілген.

Нақтыланған тізбеге мыналар кіреді:

  • Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесі;
  • мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы;
  • "Smart Bridge" цифрлық платформасы.

Бұдан бөлек, тізбеде бұрынғыдай мына қызметтер сақталған:

  • бұлтты құжат айналымы;
  • "Е-өтініш";
  • мемлекеттік органдардың электрондық пошта сервисі;
  • мобильді жұмыс орны;
  • сервистер витринасы;
  • "Әлеуметтік әмиян".

Ал "Antitrust" бағдарламалық қамтылымы тізбеден алынып тасталды.

Бұйрық 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: