Дербес деректердің қауіпсіздігі бұзылса, кім және қашан хабарлауға тиіс
Фото: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 7 қыркүйектегі бұйрығымен дербес деректер субъектілеріне дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мынадай ұғымдар нақтыланды:
- дербес деректер – дербес деректердің бір немесе бірнеше сәйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;
- дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы – берілетін, сақталатын немесе өзге тәсілмен өңделетін дербес деректердің заңсыз таралуына, өзгертілуіне, жойылуына немесе өшірілуіне, сондай-ақ олардың рұқсатсыз таратылуына не оларға рұқсатсыз қол жеткізуге әкеп соққан дербес деректерді қорғау талаптарының бұзылуы.
Сондай-ақ меншік иесі немесе оператор дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғанын анықтаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға тиіс екені нақтыланды.
Хабарламада мынадай мәліметтер көрсетіледі:
- дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректері, егер мұндай тұлға болса;
- заңбұзушылықты жою үшін қабылданған шаралар;
- кейіннен дербес деректер субъектілеріне хабарлама жіберу үшін қажетті мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты және жеке сәйкестендіру нөмірі немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі.
Бұйрық 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript