"Өткір газдың иісін сезген". ШҚО-да полиция қызметкері алты адамның өміріне араша болды

Полиция, ШҚО, құтқару, иіс тию, түтін, бес бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2025 10:17 Сурет: t.me/POLICE_of_KZ
Арнайы іс-шара аясында Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері есепте тұрған отбасыларды тексеріп, саяжай аумақтарын аралау кезінде үйлердің бірінен улы газдың өткір иісін сезген. Мұнда бес бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана тұрып жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың үлкені – 17 жаста, кішісі – 3 жаста.

"Қауіп минут санап күшейіп бара жатқандықтан, полиция қызметкері дереу әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары үй ішінде улы газдың тарағанын растады. Пеште пайда болған ақаулардан үй ішіне түтін тараған. Үйде қалу қауіпті болғандықтан ана мен бес бала Өскемендегі дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды. Полиция капитаны Әсел Тукушеваның қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында бірден алты адамның өмірі құтқарылды, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды", делінген 2025 жылғы 22 қарашадағы полиция хабарламасында.

Бұған дейін Ақтөбеде бес бала жетім қалғаны хабарланған. Бастапқыда ерлі-зайыптылар із-түссіз жоғалып кетіп, кейіннен олар өлі күйінде табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: