"Үлкен жасын ескердік". "Майқайыңалтын" АҚ қызметкерлерінің өліміне қатысты алты адам сотталды

Сурет: ҚР ТЖМ
Павлодар облысының Екібастұз қалалық сотында "Майкайнзолото" АҚ-ның жауапты тұлғалары болып табылатын алты сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу органымен абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деп АҚ-ның бас директоры, оның бірінші орынбасары, шахта директоры, бас инженер және қос учаске басшылары айыпталды.

Сотта 2024 жылдың 4 қаңтарына қараған түні "Майкайнзолото" АҚ-ның апаттық-құтқару қызметінің автобусы қозғалыс кезінде шұңқырға құлап кеткені, жол төсемінің астында бұрынғы тау-кен жұмыстары нәтижесінде пайда болған және жобалық талаптарға сәйкес толтырылмаған жерасты қуыс болғаны, сондай-ақ жол учаскесі дұрыс зерттелмегені, қоршалмағаны немесе қауіпті деп белгіленбегені анықталды. Апат салдарынан автобус толығымен жер астына кеткен. Автобуста болған төрт құтқарушы қаза тапты.

Сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жауап алынған куәлардың айғақтарымен, арнайы тергеудің хаттамасымен және басты сот талқылауында зерттелген басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденді.

Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды (сотталушылардың соттылығының болмауы, тұрғылықты және жұмыс орны бойынша жағымды мінездемесі, тағы бірінің қамқорлығында кәмелетке толмаған балалардың болуы), шахта директорының 75 жасқа толған жасын және денсаулығының жағдайын ескерді. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сот үкімімен барлық сотталушылар ҚР ҚК-нің 277-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды:

Сондай-ақ сотталушылар екі жыл мерзімге тау-кен саласында басшылық қызметтер атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, 2024 жылдың 4 қаңтарына қараған түні Павлодар облысындағы "Майкайнзолото" АҚ аумағында опырылып, ішіне құтқарушылар мінген автобус құлаған болатын. Көп ұзамай екі адамның денесі кратерден жер бетіне көтерілді, тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті деп танылды. 2024 жылғы 19 шілдеде "Майқайыңалтын" АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 метр тереңдіктен бір құтқарушының денесі табылды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды