Майқайыңалтын шахтасында жарты жыл бұрын қаза тапқан құтқарушының денесі табылды

«Майқайыңалтын» АҚ-дағы іздеу жұмыстары туралы ақпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 16:30 Сурет: ҚР ТЖМ
2024 жылғы 19 шілдеде "Майқайыңалтын" АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 м тереңдікте бір құтқарушының денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушы 4 қаңтарда "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС-нің тағы үш құтқарушысымен бірге автобуста жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне құлаған.

Бұдан бұрын 2 құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданған. Сканерлеу және автобустың нақты орналасқан жерін анықтау үшін сканері бар "Алтыналмас" АҚ мамандары тартылды. Сканерлеу нәтижелері бойынша автобустың 12 метр тереңдікте орналасқандығы анықталды.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді, олар "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС-мен бірлесіп денені жер бетіне көтеріп, жедел-тергеу тобына тапсырды.

"Қайтыс болған адамның туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін ТЖД психологы да келді." Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, оқиға болған күні Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары 2 денені тауып, жер бетіне көтерген болатын. Жұмыстар тоқтатылып, қайта жанданды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: