Майқайың кенішінде соңғы құтқарушының денесі табылды

Майқайың кенішінде соңғы құтқарушының денесі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 17:10 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Майқайың кенішінде соңғы құтқарушының денесі табылды. Құтқарушының денесі жоғары көтеріліп, сараптама жүргізу үшін жедел тергеу тобына берілді, деп хабарлайды Zakon.kz. pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram-дағы парақшасында Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Марқұмға иман байлығын берсін. Бүгін сағат 16.20-да "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде соңғы құтқарушы – жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылды. Қайғылы оқиғадан кейін жеті ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қаза болған жандардың туыстары сияқты біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық", - деді аймақ басшысы. 

Облыс әкімі жоғалған адамдарды табу үшін күндіз-түні жұмыс істеген барлық жанға алғыс айтты. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: