Майқайың кенішінде автобустың дөңгелегі табылды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Майқайың кенішінде автобустың дөңгелегі табылды. Шұңқырдың түбінде қосалқы гидравликалық балғасы бар экскаватор жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс әкімі Асайын Байханов Instagram-дағы парақшасында Майқайың кенішінде жүргізіліп жатқан іздестіру жұмыстары жайлы жазды.
"Майқайың-алтын" АҚ аумағында гидравликалық балғамен экскаватор жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталады. Бүгінгі жұмыстың нәтижесінде құтқарушылар автобустың үлкен бөлшегін – дөңгелікті тапты", - деді өңір басшысы.
Іздестіру-құтқару жұмыстар жалғасып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript