ҚҚС-тан босатылған медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектердің тізбесі бекітілді

Фото: Zakon.kz
ҚР Үкіметі Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, белгіленді:

  1. өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметке лицензиясы бар субъектілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі;
  2. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;
  3. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін импорты қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі;
  4. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары.

Өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын медициналық қызметтер тізбесіне:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер:

- радиоизотоптық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық диагностика;

- зертханалық диагностика (бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер; жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер);

- гистология;

- зертханалық генетика;

- анестезиология және реаниматология;

- акушерлік іс;

- акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзуді пайдалануды қоспағанда);

- акушерлік және гинекология (қосалқы репродуктивтік технологияларды және жүктілікті жасанды үзуді пайдалану);

- акушерлік және гинекология (жүктілікті жасанды үзуді пайдалану);

- аллергология және иммунология;

- ангиохирургия;

- авиация және ғарыш медицинасы;

- вакцина алу (профилактикалық егулерді жүргізу);

- гастроэнтерология;

- гематология;

-гериатрия;

- клиникалық диетология;

- дерматовенерология;

- инфекциялық аурулар;

- кардиология;

- кардиохирургия;

- клиникалық фармакология;

- сәуле терапиясы;

- медициналық генетика;

- төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы;

- медициналық-әлеуметтік көмек;

- физикалық медицина және медициналық оңалту (физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология);

- наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;

- кезек күттірмейтін медицина;

- неонатология;

- неврология;

- нефрология;

- нейрохирургия;

- оториноларингология;

- офтальмология;

- ортодонтия;

- остеопатия;

- жалпы дәрігерлік практика;

- жалпы хирургия: торакалдық, абдоминалдық, колопроктология, жақ-бет сүйегі;

- онкология және гематология;

- радиациялық онкология;

- патологиялық анатомия;

- кәсіптік патология;

- педиатрия;

- пульмонология;

- пластикалық хирургия (балаларда туа біткен ақаулар кезінде);

- психиатрия;

- стоматология (терапиялық, хирургиялық, ортодонтиялық);

- мейіргер ісі;

- травматология‑ортопедия;

амбулаториялық жағдайлардағы мына мамандықтар бойынша мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде;

ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде:

Сонымен қатар:

Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды