Өрт қауіпсіздігі ережелері: өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы бұйрығымен өрт қауіпсіздігі қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ғимараттар, үй-жайлар мен құрылыстар "Ғимараттар мен құрылыстардың өрт автоматикасы" талаптарында айқындалған объектілер тізбесіне сәйкес өрт автоматикасы жүйелерімен қамтамасыз етілуі тиіс екені нақтыланды.

Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау жұмыстары жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

Сондай-ақ, объектідегі өрт автоматикасы жүйелерін техникалық жарамды күйде ұстау үшін, ұйым басшысының бұйрығымен өрт автоматикасы жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін жауапты тұлға тағайындалатыны нақтыланды.

Өрт автоматикасы жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін тұлға мынадай функцияларды жүзеге асырады:

Өртке қарсы қорғау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстарды есепке алу қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес өрт автоматикасы жүйелерінің пайдалану журналында немесе автоматтандырылған жүйеде көрсетіледі.

Өрт автоматикасы жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мыналарды қамтиды:

Техникалық қызмет көрсетудің мерзімділігі, мерзімдік сынақтар және жұмыс көлемі қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелерінің техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасының, стандарттау құжаттарының талаптарына сәйкес белгіленеді және шартта көрсетіледі.

Өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталған объектіде ұйым басшысы мынадай құжаттаманың болуын қамтамасыз етеді:

Өрт автоматикасы жүйелері тұрақты түрде кезекші (жобалық) жұмыс режимінде ұсталуы тиіс.

Техникалық қызмет көрсету жұмыстары өрт автоматикасы жүйелерін ажыратумен байланысты болған жағдайда, объект әкімшілігі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдау арқылы, өрт автоматикасы жүйелерімен қорғалатын объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Өрт автоматикасы жүйелерінің құрамына кіретін техникалық құралға арналған құжаттамада көрсетілген пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелері істен шыққан жағдайда, оларды әрі қарай мақсатына сай пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін техникалық куәландыру жүргізіледі.

Өрт автоматикасы жүйелерін техникалық куәландыру әр бес жыл сайын, тапсырыс беруші өкілдерінің және өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің немесе заңды тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі.

Куәландыру нәтижелері өрт автоматикасы жүйелерін куәландыру актісімен ресімделеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды