Алматының элиталы ауданынан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне пәтер берілгені рас па - ІІМ түсініктемесі

Сурет: sauda.e-qazyna.kz
ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі бүгін "қауіпсіздік қызметкерлері Алматыдан элиталық пәтерлер сатып алды-мыс" деген ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін sauda.e-qazyna.kz сайтында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері Алматы қаласының Медеу ауданындағы элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінен жалпы құны 2,5 млрд теңге болатын 16 пәтер алғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Аталған жылжымайтын мүлік нысандары ҚР Ішкі істер министрлігіне берілмеді және ішкі істер органдарының балансында да емес. Сонымен қатар, ҚР ІІМ-нің құрылымдық бөлімшелері де аталған пәтерлерді өз қарамағына алмаған, іс жүзінде пайдаланбаған және қызметтік немесе өзге де мақсаттар үшін пайдалануды жоспарламаған", деп мәлімдеді 2026 жылғы 21 қаңтарда ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

2026 жылғы 20 қаңтарда ҚР Ішкі істер министрлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары Құрманбек Саховтың жұмыстан босатылғанын растады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы