Шымкентте алаяқ әйел жоқ пәтерлерді жалға берген

Сурет: pexels
Шымкентте тұрғындардың сенімін пайдаланып, жоқ пәтерлерді жалға беріп, интернет-алаяқтық жолмен ақша тапты деген күдікпен әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі 9 ақпанда хабарлағандай, күдікті әлеуметтік желілер мен танымал жарнама сайттарында пәтерді жалға беру туралы хабарландыру жариялаған. Жалға алуға ниеттілер хабарласқанда, әйел алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алған соң, ол байланысқа шықпай қойған.

Күдіктінің төрт алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Полиция азаматтарды интернет арқылы пәтер жалдау кезінде абай болуға шақырады. 

Жалға алу кезінде белгісіз тұлғаларға алдын ала ақша аудармау, пәтердің нақты бар-жоғын тексеру, тек сенімді сервистерді қолдану және міндетті түрде келісімшарт жасау сұралады.

Бұған дейін Ақмола облысында жыл соңына дейін 1300 отбасы баспаналы болғанын жазғанбыз.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды