Алматыдағы көшелердің бірінде полицейлер қаптап, абыр-сабыр болды

Сурет: Zakon.kz
2026 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласының полицейлері Торайғыров көшесінде чемодан табылғандығы туралы ақпаратқа байланысты арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған жағдайға қатысты түсініктеме бере отырып, Бостандық ауданына патрульдік полиция мен шұғыл қызметтердің экипаждары дереу жіберілгенін атап өтті. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін айналадағы аумақтар қоршауға алынды, көлік қозғалысы уақытша шектелді, сондай-ақ жаяу жүргіншілерді қауіпсіз қашықтыққа шығару қамтамасыз етілді.

"Сапер мамандар оқиға орнына келгеннен кейін табылған затқа тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша оның айналаға қауіп төндірмейтіні анықталды, яғни ішінде жеке заттар болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері чемодан иесін анықтауда". Алматы қалалық ПД

Полицейлер иесіз зат табылған жағдайда азаматтар бұл туралы "102" пультіне дереу хабарлауы және өз бетінше оны тексеруге әрекет жасамауы қажет екенін еске салады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін