Қазақстанда "ақылды-қалалар" мен "ақылды-өңірлерді" құру: әдістеме бекітілді

Фото: pixabay
Премьер-Министр орынбасарының - жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы бұйрығымен "ақылды-қалалар" мен "ақылды-өңірлерді" құру жөніндегі әдістеме бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақылды" қала – бұл Smart City тұжырымдамасы бойынша қала дамуының моделі, ол ресурстарды тиімді басқаруға және қызметтерді көрсетуге бағытталған жоғары технологиялық және инновациялық шешімдер мен ұйымдастырушылық шаралар кешенін енгізуді көздейді, тұрғындар үшін жайлы және орнықты өмір сүру жағдайларын жасау мақсатында жүзеге асырылады;

"Ақылды-өңір" – аудан деңгейін қоса алғанда, өңірдің бүкіл аумағын орнықты дамыту үшін мемлекеттік органдардың, бизнес пен халықтың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың интеграцияланған экожүйесін құруға бағытталған облысты (аумақтық бірлікті) цифрлық трансформациялау тұжырымдамасы.

"Ақылды" қала мен "ақылды өңір" мақсаттары:

Негізгі қағидаттары:

Негізгі салалары:

Әдістеме халықаралық стандарттар мен әдістемелерге, сондай ақ осы Әдістемеге 1-қосымшасында көрсетілген тәжірибеге негізделеді және басқару процестерін стандарттау мен үйлестіруге әдістемелік тәсілді көздейді. Бұл тәсіл ресурстарды тиімді басқаруды, басым технологияларды айқындауды және қалаларды олардың қажеттіліктеріне қарай жіктеуді қамтамасыз етеді, шығындар мен күш-жігердің қайталануын азайтуға, сондай-ақ "ақылды" қалаларды басқарудың орнықты әрі ауқымды жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Әдістеме әртүрлі әкімшілік санаттағы елді мекендердегі цифрландыру деңгейін бағалау мақсатында әзірленген және елді мекендерді үш топқа жіктеуді көздейді:

Ақылды" қала тұжырымдамасын енгізу барлық елді мекендерде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Әдістеме "ақылды" қала тұжырымдамасын іске асыру үшін қажетті бастамалардың базалық тізбесін қамтиды. Бастамалардың базалық тізбесін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) технологияларды дамытуды және "ақылды" қалалар саласында жаңа инновациялық шешімдерді енгізуді ескере отырып, жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша толықтыруы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар "ақылды" қала бастамаларын іске асыру шеңберінде қалалардың тиімді цифрландырылуын қамтамасыз етеді.

"Ақылды" қалаларды дамыту стратегиясы — "ақылды" қала жобаларын іске асырудың басымдықтарын, мақсаттарын және кезеңдерін айқындайтын негіз болып табылады. Стратегияда ағымдағы жағдайдың талдауы, ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттар, сондай-ақ тұрғындар мен бизнестің қажеттіліктеріне негізделген дамудың негізгі бағыттары қамтылады.

Стратегия қаланың ерекшелігін оның ауқымы, инфрақұрылымы, ресурстары және әлеуметтік-экономикалық контексті тұрғысынан қарастырады, цифрлық жетілуді бағалау және негізгі бастамаларды жергілікті жағдайларға бейімдеу құралдарын ұсынады.

Ақылды" қаланың құрамдас бөліктерін іске асыру "ақылды" қаланы дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобын (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейінде) құрудан басталады.

Жұмыс тобының қызметіне жалпы басшылықты цифрландыруды дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін ЖАО бірінші басшысының орынбасары/аппарат басшысы жүзеге асырады. Әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсету, жүйелі және кешенді тәсілді қалыптастыру үшін жұмыс тобына ЖАО тиісті құрылымдық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ғылыми ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері, мәслихаттар мен қоғамдық бірлестіктердің депутаттары енгізіледі. Жұмыс тобының хатшысы цифрландыруды дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын ЖАО құрылымдық бөлімшесінің басшысы болады.

Стратегияны әзірлеу Жұмыс тобы тарапынан қаланы қайта құру және оған дайындығы тұрғысынан зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Аталған зерттеу аясында қаланың, оның даму ерекшеліктерінің, тұрғындары мен бизнесінің қажеттіліктері туралы түсінік қалыптастырылады. Осы кезеңде цифрлық инфрақұрылым мен енгізілген ақпараттық жүйелердің жай-күйіне аудит жүргізіледі. Дереккөздер ретінде (әкімшілік-аумақтық бірлік бөлінісінде) ресми статистикалық деректер, 109 бірыңғай байланыс орталығының базасы, ахуалдық орталық, азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша бірыңғай платформа, жекелеген сарапшылардың және/немесе сараптамалық қауымдастықтың бағалауы, ақпараттық кеңістікті мониторингтеу қызмет етеді.

Зерттеу нәтижесі Жұмыс тобының хаттамасы болып табылады, оған қаладағы жалпы жағдай бойынша кешенді шолу, бірінші кезекте шешуді талап ететін базалық бастамалар, сондай-ақ Жұмыс тобының отырысы қорытындысы бойынша айқындалған қосымша бастамалар қоса беріледі.

Жұмыс тобының нәтижесінде келесі бөлімдерден тұратын Стратегия қалыптастырылады:

Әзірленген Стратегияға сәйкес Жол картасы қалыптастырылады, онда іске асыру мерзімдері, жауапты орындаушылар, күтілетін нәтижелер (оның ішінде оларға қол жеткізудің өлшенетін сандық көрсеткіштері бар) бар базалық және қосымша бастамалар нақтыланады.

Стратегия және Жол картасы жобасы уәкілетті органмен 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Уәкілетті орган ескертулер береді және Жол картасы жобасын келісуден бас тартады.

Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады