Азаматтық және қызметтік қарудың талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру: өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz
ІІМ-нің 2026 жылғы 29 сәуірдегі бұйрығымен "Азаматтық және қызметтік қару мен оған арналған патрондардың, сондай-ақ қаруға конструктивтік жағынан ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға қызмет көрсетушінің кеңсесіне немесе портал арқылы өтінішпен жүгінеді, сонымен қатар құжаттар мен сынақ объектілерін ұсынады.

Нақтылап айтқанда, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен сынақ объектілерінің толық пакетін ұсынған кезде жауапты орындаушы:

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған кезде қызмет көрсетуші құжаттар мен сынақ объектілерін ұсынған көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жөнінде, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Құжаттар мен сынақ объектілерін ұсынған көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет көрсетуші хаттама жасап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты болған жағдайда тыңдау рәсімі өткізілмеуі мүмкін.

2026 жылғы 12 шілдеден бастап мынадай тармақ қолданысқа енгізіледі:

Бұйрық бірқатар тармақтарды қоспағанда, 2026 жылғы 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін