Қазақстандықтарды дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар ету қағидалары жаңартылды

Фото: pexels
Премьер-Министр орынбасарының - жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда жазылған.

Дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы хабардар ету (хабарлама) уәкілетті органға жазбаша немесе электрондық құжат нысанында не Заңға қайшы келмейтін қорғау іс-қимылдарының элементтерін қолдана отырып жіберіледі.

Дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы анықталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде меншік иесі және (немесе) оператор уәкілетті органды осы бұзушылық туралы келесі ақпаратты көрсете отырып хабардар етеді:

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі, киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы, киберқауіпсіздіктің салалық орталығы, киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызметі, киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасына сәйкес дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы анықталған сәттен бастап осы бұзушылық туралы үш сағат ішінде уәкілетті органды келесі ақпаратты көрсете отырып хабардар етеді:

Уәкілетті орган дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы хабарламаны алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" операторына келесі ақпаратты жібереді:

"Цифрлық үкіметтің" операторы уәкілетті органнан алынған ақпарат негізінде субъектілерді дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы не дербес деректерді өңдеу туралы ақпаратты қысқа мәтіндік хабарлама түрінде "цифрлық үкімет" веб-порталындағы жеке кабинетке, "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасына және (немесе) олардың ұялы байланысының абоненттік нөміріне жіберу арқылы хабардар етуді жүзеге асырады.

Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі