Мотоцикль тізгінінде жасөспірім болған. Қарағанды облысында жол апатынан сегіз жасар қыз көз жұмды

Сурет: pexels
Көкпекті станциясында "Эндуро" мотоциклін тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім сегіз жасар қызды қағып кетті. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушінің өзі алған түрлі дене жарақаттары бойынша медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынды.

"Сондай-ақ, жасөспірімнің ата-анасына қатысты абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтырған, басқаруға құқығы жоқ адамға көлік құралын басқаруға рұқсат беру бабы бойынша, қылмыстық іс қозғалды", - деді Zakon.kz тілішісіне Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство қауіпсіздік мәселелеріне жауапсыз қарау орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Бұған дейін Балқаш аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Алматы облысындағы тас жолда әйелін қағып өлтіргені хабарланған болатын.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін