ШҚО-да ауруханада өзін агрессивті ұстап, тәртіп сақшыларын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

Сурет: pexels
Риддерде аурухана қызметкерлеріне дөрекелік танытып, кейін тәртіп сақшылары талабына бағынбаған ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 18 мамырда ШҚО соттары хабарлады:

"2026 жылғы 7 мамырда, сағат 01:34 шамасында азамат Т. Риддер қаласындағы №1 аудандық аурухана ғимаратында алкогольдік масаң күйде болып, аурухана қызметкерлеріне қатысты агрессивті әрекеттер көрсеткен, осыған байланысты оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылған. Полиция қызметкерлеріне азамат Т. бағынбай, агрессивті мінез көрсетіп, балағат сөздер айтып, қызметтік киімдерінен тартып, құқыққа қайшы әрекеттерін тоқтату туралы заңды талаптарды елемеген".

Сот отырысында құқық бұзушы Т. өз кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады және жаза ретінде айыппұл тағайындауды сұрады.

Сот азамат Т-ны ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының, 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған мемлекет кірісіне 90 825 (тоқсан мың сегіз жүз жиырма бес) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін