ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған зат марихуана екені анықталды. Кейіннен ер адамның тағы бір пәтерді жалға алып, онда да тыйым салынған заттарды сақтағаны белгілі болды.
"Аталған пәтердің балконынан ақ түсті ұнтақ тәрізді, өзіне тән иісі бар зат салынған 10 полиэтилен орама табылды. Сараптама қорытындысы бойынша оның жалпы салмағы 100 грамм мефедрон екені анықталды. Сонымен қатар есірткі қалдықтары бар контейнерлер, zip-пакеттер, электронды таразылар және түрлі түсті изоленталар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық заттай айғақтар тәркіленді. Медициналық куәландыру нәтижесінде күдіктінің есірткі заттарын қолданғаны да анықталды. Ол қамауға алынды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Полиция тыйым салынған заттарды сақтау және таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, мұндай фактілер туралы ақпарат болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
Бұған дейін Павлодарда есірткі таратушының жолы кесілгені хабарланған.