Павлодарда есірткі таратушының жолы кесілді
Фото: Zakon.kz
Бұл туралы Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Байбуринов айтты.
Тергеу барысында күдіктінің есірткі таратумен айналысатын жасырын интернет-дүкенде "жасырушы" қызметін атқарғаны анықталды.
Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан синтетикалық есірткі салынған екі орама тәркіленді. Сонымен қатар қала аумағындағы арнайы жасырылған орындардан да осындай есірткі заттары салынған жасырын қоймалар табылып, алынды.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 грамнан асты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың есірткінің заңсыз айналымына қатысты өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Полиция интернеттегі "оңай ақша" туралы ұсыныстардың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.
Қылмыстық схемаларды ұйымдастырушылар өз қауіпсіздігін ойлап, негізгі қатерді орындаушыларға жүктейді. Аз ғана табыс үшін өміріңізді, болашағыңызды және жақындарыңыздың сенімін тәуекелге тікпеңіз.