Астанадағы арнайы операция: есірткі таратумен айналысқан шетелдіктер ұсталды

ІІМ: Трансұлттық есірткі тобының қызметі тоқтатылып, 100 келіден астам мефедрон тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2025 18:05 Сурет: polisia.kz
Астанада арнайы операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері синтетикалық есірткі таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде шетелдік азаматтар ұсталды. Олардан 100 келіден астам синтетикалық зат "мефедрон" тәркіленді.

"Қара нарықта" бұл партияның құны шамамен 6 миллион АҚШ долларын құрайды. Ол 300 мың бір реттік дозадан тұрады.


"Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: