Атырауда есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2025 11:37 Фото: Zakon.kz
Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағындағы көшелердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысқан бұрын сотталған 30 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде синтетикалық есірткінің 45 түйіншегі тәркіленді.

Сондай-ақ жалға алынған пәтерінен үш zip-пакет, электронды таразы, фольга, тамшуыр, орама табылып, тәркіленді.

Алынған заттар құны 3 млн теңге шамасындағы 67 граммды құрайтын Альфа-PVP синтетикалық есірткі заты екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: