Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды

Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2025 20:12 Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Цифрлық өткізу" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 43 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында оның иелігінен жалпы салмағы 23 грамм "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі табылды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы мен ҚПК-нің 19-бабы 1-бөліміне сәйкес, күдікті сот үкімімен кінәлі деп танылғанға дейін жасалған қылмысқа кінәлі деп саналмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: