ШҚО-да есірткі таратумен айналысқан қыздан мефедрон тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 21 жастағы бойжеткенді анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, ол есірткі заттарын көтерме сауда тәсілімен тарататын курьер болып жұмыс істеген.
Сараптама қорытындысына сәйкес жеке тінту барысында ұсталған азаматшаның қол сөмкесінен 400 грамнан астам мефедрон есірткі заты табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript