Атырауда өзге өңірден келген күдіктіден 105 түйіншек есірткі тәркіленді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 18:19 Фото: Zakon.kz
Атырау облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 28 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ салынған бірнеше zip-пакет табылды.

Сонымен қатар оның көрсетуімен қала аумағынан жасырылған 105 түйіншек пен үш ірі zip-пакет тәркіленді.

Сурет: polisia.kz

Сараптама нәтижесінде алынған заттардың 148,75 грамм "Альфа-PVP" және 80 грамм мефедрон есірткісі екені анықталды.

"Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: