Атырауда өзге облыс тұрғыны есірткімен ұсталды

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Қарасора-2025" және "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында синтетикалық есірткі заттарын таратуға қатысы бар 41 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 15:23 Сурет: ҚР ІІМ
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Қарасора-2025" және "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында синтетикалық есірткі заттарын таратуға қатысы бар 41 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында одан жалпы салмағы 312 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына және ҚПК-нің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана дәлелденген жағдайда анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: