Маңғыстау облысында полицейлер күдіктілерден ірі көлемде "синтетика" тәркіледі

"Қарасора – 2025" және "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын сақтау және өткізу арнасын тоқтатты. , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 09:28 Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора – 2025" және "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын сақтау және өткізу арнасын тоқтатты.

Жедел-тергеу іс-шарасы барысында Ақтау қаласында полицейлер альфа-PVP және мефедрон түріндегі синтетикалық есірткінің ірі партияларын тәркіледі.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 550 грамм көлемінде болды. Сонымен қатар есірткіні өлшеу мен буып-түюге арналған электронды таразылар, түссіз қаптамалар және басқа да заттай дәлелдер алынды.

Аталған дерек бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер қажетті тергеу амалдары жалғастырып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: