Атырауда күдіктіден 16 келіден астам қарасора тәркіленді

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру шарасы кезінде қарасора өсірген және кептірілген өсімдік заттарын сақтаған 40 жастағы қала тұрғынын ұстады., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 13:10 Сурет: ҚР ІІМ
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру шарасы кезінде қарасора өсірген және кептірілген өсімдік заттарын сақтаған 40 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 45 дана есірткі өсімдігі және және тоңазытқыштан ерекше иісі бар кептірілген өсімдік заттары табылып, тәркіленді.

Алынған заттар салмағы 16 келіден асатын қарасора екені анықталды.

Аталған дерек ҚК-тің 300-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: