Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің арнайы бөлімше әскери қызметшілері “Қарасора-2022” жедел-іздестіру іс-шарасы барысында есірткі заттарын заңсыз сақтаған адамға қатысты ақпаратты іске асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шу ауданының аумағындағы “Шу-Меркі” тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақта Шу ауылының 50 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 38 келіден асатын “каннабис өсімдігі” есірткісі табылып, тәркіленді, деп жазады Polisia.kz.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторынақамаққа алынды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапбойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімгебас бостандығынан айыру түріндегі жазақарастырылады, – деп хабарладыоблыстық ПДЕсірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript