Полицейлер тағы бір жасырын есірткі зертханасының көзін жойды
Сурет: polisia.kz
БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2022” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 51 жастағы ер адамның тұрғылықты жерінен заңсыз бақшаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орал тұрғыны үйінен одан бөлек гаражда есірткі зертханасы ретінде жабдықталған жасырын жертөле анықталды.
Үйдің ауласынан жасырын қоршалған бөлме табылды, оның ішінде қарасора тәрізді өсімдіктері бар бес пластикалық контейнер болды. Сондай-ақ гаражда наркозертханаға жабдықталған жасырын жертөлені анықтадық. Қабырғалары арнайы материалмен қапталған, жарықтандыру өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты және жылу шамдарымен жабдықталған, сору жүйелері, градустық құрылғылары бар ауа ылғалдандырғыш орнатылған. Тінту кезінде қарасора тәрізді өсімдік бұталары, белгілі бір иісі бар жасыл өсімдік тектес зат, қарасора тұқымын орау, электрондық таразы, өсімдіктерді өсіруге арналған түрлі тыңайтқыштар тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды, – деді БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Әнуар Халелов.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript