Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар анықталды
Сурет: ҚР ІІМ
Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында осы жылдың қыркүйек айының 9 мен 11 аралығында облыс аумағында "Заңсыз келуші – 2025" іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның 3 күн нәтижесінде жалпы 138 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 74 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталса, оның ішінде 11 адам республика аумағынан аластатылды. Мысалы 35 жастағы Өзбекстан елінің азаматы заңға сәйкес республика аумағынан аластатылды.
Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 181 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript