Атыраудағы ұстаз өлімі бойынша қозғалған іс сотқа жетті

Сурет: Zakon.kz
Атырауда күйеуінің қолынан қаза болған ұстаздың өліміне қатысты сот процесі басталды. Әйелін пышақтады деген зейнеткерге адам өлтiру бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұбайының қолынан қаза болған ұстаз Әлия Елеусінова 58 жаста болған. Күйеуімен 13 жыл отасқан. Ортақ некеден екі бала, ал сотталушының бұрынғы некесінен төрт баласы бар. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, 63 жастағы сотталушы Сәрсен Өтеулиев әйелін түн ішінде баласының қасында жатқан жерінде пышақтаған. Марқұмның денесінен 11 жерден пышақ ізі анықталыпты. Ол бұл жантүршігерлік әрекетті қасақана, тіпті, сау күйінде істеген. Сотта ол мұны өз қолымен жасағанын, жедел жәрдем көлігін де өзі шақырғанын айтып жылады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Жолдасының төрт баласы бар, өзі екі бала асырап алған. Сол алты баланы асырап келді. Осы болған оқиғадан кейін жағамызды ұстадық. Оған дейін дым естіген жоқпыз. Бізге білдіртпей жүрмесе ...". Жәбірленуші тарап - Мүслима Елеусінова

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Әділет" партиясынан Құрылтай құрамына кімдер кіретіні белгілі болды

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады