ШҚО-да есірткі өткізумен айналысқан күдікті қылмыс үстінде ұсталды

Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінген азаматты ұстап, заңсыз айналымнан ірі көлемдегі марихуананы тәркіледі. Нәтижесінде өңірде есірткі заттарының таралу арнасы тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 24 маусымда ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады:

"Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық шарасы аясында полиция қызметкерлеріне есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі туралы ақпарат келіп түскен. Жедел уәкілдердің бақылауымен күдікті сатушымен хат алмасу жүргізіліп, есірткі сатып алу жөнінде келісім жасалды. Тыйым салынған затты беру кезінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Ол Өскемен қаласының 49 жастағы тұрғыны болып шықты".

Тұрғылықты жерін тінту және тексеру барысында полицейлер бірнеше ірі көлемдегі есірткі заттарын тапқан. Олар полимер пакеттерге салынып, әрі қарай таратуға дайындалғаны анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 2,8 келіден асты. Сонымен қатар полицейлермен бір миллион теңгеден астам қолма-қол ақша тәркіленді.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды". ШҚО ПД баспасөз қызметі

Полиция есірткінің заңсыз айналымы қоғамға үлкен қауіп төндіретінін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін қайта қарау ұсынылды

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады - синоптиктер

"Ректор гранттары". Отандық ЖОО-лар қанша өзіндік білім беру грантын ұсынды