Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыларды келісу: қағидалар бекітілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22 маусымдағы бұйрығымен астананың, облыстың, қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыларды келісу ережесі бекітілді.

Қорытындыны келісудің мақсаты орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамасына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелеріне сәйкестігін растау болып табылады.

Қорытындыны келісу үшін техникалық қадағалау мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органға мынадай құжаттарды ұсынады:

Құжаттарды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін цифрлық жүйе арқылы қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.

Құжаттар көрсетілген нысандардың бірінде ұсынылады. Құжаттар қағаз нысанда ұсынылған кезде, оларды электрондық нысанда ұсыну талап етілмейді. Құжаттар электрондық нысанда ұсынылған кезде, оларды қағаз нысанда ұсыну талап етілмейді.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын орган келіп түскен құжаттарды олар түскен күні тіркейді.

Қорытындыны қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

Қорытындыны қарау барысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын орган:

Қорытындыны қарау мерзімі қорытындыны дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажет болған жағдайда, 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, техникалық қадағалау бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

Қорытындыны қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын орган мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

Келісу туралы шешім мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органның лауазымды адамының Қорытындысына қол қою және мөр басу (болған жағдайда) арқылы ресімделеді.

Көзделген құжаттар толық болмаған не Қорытынды мен оған қоса берілген құжаттар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының ережелеріне және мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелермен жіберілген бұзушылықтарды көрсете отырып Қорытындыны келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын орган әкімшілік рәсімге қатысушыға алдын ала шешімде өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне Қазақстан Республикасының ӘРПК белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстандықтарға несие алаяқтығынан қорғану үшін маңызды қызметті дереу іске қосуды ұсынды

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз – Тоқаев