Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 26 маусымдағы бұйрығымен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, оларға өзгерістер мен түзетулер енгізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Енді азаматтық хал актілерін (туу, неке қию, некені бұзу, қайтыс болу және басқа да актілерді) мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеуші органдар азаматтың құқықтық мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде қызмет көрсетеді.

Егер жеке басын куәландыратын құжат иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмесе, онда мұндай құжат жарамсыз деп танылады және оны Қазақстанның ішкі істер органдарына өткізіп, жаңасына ауыстыру қажет.

Қызмет алушының жеке басын растау үшін: жеке басын куәландыратын құжат немесе Цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат ұсынылады.

Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматы Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұруға ықтиярхатын ұсынады.

Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам азаматтығы жоқ адамның куәлігін және онда Қазақстанның ішкі істер органдары қойған тұрғылықты жері бойынша тіркеу белгісі болуы тиіс.

Қазақстанда уақытша болатын шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Бұл құжат азаматтың өз елінің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің уәкілетті органы берген болуы тиіс.

Құжаттың мәтіні қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармамен бірге ұсынылады.

Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты шетел мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген азаматтық хал актілері туралы құжаттар Қазақстанда жарамды деп танылады, егер олар Қазақстан заңнамасына қайшы келмесе, консулдық заңдастырудан өткен болса немесе апостиль мөрі қойылған болса.

Мүдделі адамның өтініші бойынша Қазақстанның тіркеуші органы немесе шетелдегі Қазақстан мекемесі азаматтық хал актісінің Қазақстаннан тыс жерде тіркелгені туралы мәліметті азаматтық хал актілерінің цифрлық жүйесіне енгізеді. Алайда туу туралы актілік жазба бұған кірмейді. Ол міндетті түрде Қазақстанның азаматтық хал актілерінің цифрлық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Егер шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның тегі неке тіркеу кезінде өзгерсе, тіркеуші органның қызметкері оған жеке басын куәландыратын құжатын міндетті түрде ауыстыру қажеттігін түсіндіреді.

Құжатты ауыстыру азаматтың өз елінің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Мемлекеттік туды қайда ілуге болады: Үкімет жаңа ережелерді бекітті

Ақтауда жағажайдан итбалықтардың өлекселері табылды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді