"Бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйе (ЦЖ) – порталмен интеграцияланған цифрлық жүйе құрылыс құжаттамасын жүргізуге және салынып жатқан объектілерді электрондық нысанда бақылауға байланысты операцияларды автоматтандыруға арналған
Құрылыспен байланысты рәсімдер мен операцияларды автоматтандыру мақсатында Портал:
- Пайдаланушыларды тіркеуді;
- электрондық және цифрлық құжаттарды жүктеуді және сақтауды;
- жаңа объектілерді салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді (кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін) реконструкциялау және жөндеу кезінде құрылыс өндірісін ұйымдастыруға Пайдаланушыларға мәліметтерді, электрондық және цифрлық құжаттарды беруді;
- Пайдаланушыға құрылыс процестері туралы ақпарат беруді, сондай-ақ оларды одан әрі сақтауды;
- интеграцияланған интернет-ресурстармен және ЦЖ ақпарат алмасу.
Порталда тіркелу үшін Пайдаланушы ішкі электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосына Порталда есептік жазбалар жасау қажеттілігі және қызметкердің функционалдық міндеттеріне сәйкес тиісті рөлдерді тағайындау туралы сұрау салу жібереді.
Сұрау салуда Пайдаланушы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, сондай-ақ Порталда талап етілетін рөлі көрсетіле отырып, Порталға кіруге рұқсат беру қажет қызметкерлердің тізбесін көрсетеді.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде пайдаланушыға Порталда тіркеуді растайды не бас тартады.
Порталда тіркеуден бас тарту үшін көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі, сондай-ақ Порталдың бұрын тіркелген пайдаланушыларының тізімінде өтініш берген Пайдаланушының болуы негіз болып табылады.
Порталда тіркелуді растау Пайдаланушыларға есептік жазба жасау және қызметкердің функционалдық міндеттеріне сәйкес тиісті рөлді тағайындау болып табылады.
Қолжетімділікті белсендіру үшін қызметкер электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, Порталға кіруді өз бетінше жүзеге асырады.
ЭЦҚ арқылы сәтті сәйкестендірілгеннен кейін пайдаланушыға автоматты түрде бұрын тағайындалған рөл беріледі және осы рөлдің өкілеттіктеріне сәйкес жүйенің функционалына қолжетімділік беріледі.
Пайдаланушы Порталда тіркелген күннен бастап және объектіні пайдалануға бергенге дейін жеке кабинет арқылы жаңа құрылыс, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған объектілерді (кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерін) реконструкциялау және жөндеу туралы цифрлық құжаттарды қалыптастырады және (немесе) электрондық құжаттарды жүктейді.
Порталға жүктелген электрондық құжаттар және (немесе) қалыптастырылған цифрлық құжаттар осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылуға жатады.
Құрылыс процесінің барысы туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭЦҚ-ны пайдалану арқылы Портал Пайдаланушысы қол қойған электрондық және цифрлық құжаттарды Порталдың бір пайдаланушысы Порталдың басқа пайдаланушысының жеке кабинетіне жібереді.
Порталда орналастырылған және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық және цифрлық құжаттар Порталда сақтау мерзімі ішінде жойылуға, өзгертуге немесе ауыстыруға жатпайды.
Құрылысты жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат, оның ішінде Порталға немесе оның Пайдаланушылары ЦЖ ұсынған тиісті электрондық және цифрлық құжаттар объектіні пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде сақталады.
Сондай-ақ, "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібі бекітілді.
Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Бұл ретте бұрын қолданыста болған ережелер күшін жояды.