Қазақстанда киіктің мүйізін сату ережесі бекітілді

Фото: wikimedia/Andrey Giljov
Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 22 шілдедегі бұйрықпен ақбөкеннің дериваттарын іске асыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта нақтыланғандай, киік дериваттары – киік мүйіздері және олардан және (немесе) олардың туындыларынан өндірілген өнімдер.

Бағаны, өткізу көлемін және комиссия құрамын көздейтін киік дериваттарын өткізу туралы шешімді уәкілетті орган бұйрық нысанында қабылдайды. Сатушы уәкілетті органның шешімін алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде тізілімнің веб-порталына ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді.

Киік дериваттарын өткізу бұйрық нысанында қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде, тоқсанына кемінде бір рет өткізілетін конкурс бойынша оларды сату арқылы жүзеге асырылады.

Киік дериваттарын өткізу Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (CITES) талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін бес адамнан тұратын комиссия құрылады

Конкурсты өткізуге дайындықты сатушы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін сатушы тізілімнің веб-порталындағы деректер базасына әрбір лот бойынша мынадай ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді:

Енгізілген ақпаратқа қосымша ретінде сатушы деректер базасына киік дериваттарының кемінде 5 дана фотосуретін қосуды қамтамасыз етеді.

Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды тізілімнің веб-порталында жариялау үшін сатушы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай мәліметтерді енгізеді:

Конкурсқа қатысу үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында мыналарды көрсете отырып тіркелу қажет:

Қатысушы тізілімнің веб-порталында конкурсқа қатысуға арналған өтінімді тіркейді және оған ЭЦҚ-мен қол қояды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде конкурсқа қатысушының конкурс шарттарымен келісімі және деректер базасының арнайы бөлінген веб-парақшасындағы электрондық конвертке жүктелетін конкурсқа қатысушының бағалық ұсынысы қамтылады, оған мынадай құжаттардың:

Конкурсқа қатысушылар мыналарды:

конкурсқа қатысушының сатушының мекенжайына, ол конкурстың жеңімпазы деп айқындалған және сатып алу-сату шартына қол қойылған жағдайда қатысушының мынадай:

Шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының, сондай-ақ Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың қазақ және/немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар электрондық сканерленген нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді бергенге дейін қатысушы конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген ұйымдастырушының ағымдағы шотына конкурста көрсетілген киік дериваттары құнының он бес пайызы мөлшерінде кепілдік жарна енгізеді.

Автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы қатысушының тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны туралы не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурсқа қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында комиссия мүшелері мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қарайды.

Комиссияның қатысушыларды конкурсқа жіберу туралы шешімі барлық комиссия мүшелері конкурсқа жіберу туралы хаттамаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойған сәттен бастап тізілімнің веб-порталында автоматты түрде жарияланады, бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық қатысушыларға электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабарлама жіберіледі.

Конкурсқа жіберілген қатысушылар конкурс басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей тізілімнің веб-порталы автоматты түрде берген аукциондық нөмірді және ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталындағы аукцион залына кіру мүмкіндігін алады.

Киік дериваттары үшін ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы конкурстың жеңімпазы деп танылады.

Әрбір сатылған лот бойынша конкурстың нәтижелері конкурс нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған тізілімнің веб-порталында сатушы мен жеңімпаз конкурс өткізілген күні ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында немесе жазбаша түрде жасалады, оған тізілімнің веб-порталымен сауда-саттық қорытындылары шығарылған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде сатушы, сатып алушы және ведомстволық бағынысты ұйым қол қояды.

Бұйрық 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды