Ұлытауда марганец кенін заңсыз өндірген топтың әрекеті тоқтатылды

Фото: АФМ РК
ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті марганец кенін заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан топқа тосқауыл болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытқан. Алайда іс жүзінде аумақта ауыр карьерлік техника мен ұсату-жуу жабдықтары бар толыққанды тау-кен байыту кешені жұмыс істеген.

Өндірілген марганец кені тауарлық концентратқа өңделіп, кейін теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған. Шикізатты жүйелі түрде тасымалдау үшін күдіктілер теміржол тұйығын жалға алған.

Тергеу барысында заңсыз өндірілген және өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асқаны анықталған. Оның жалпы құны 1 млрд теңгеден көп болған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚМА мәліметінше, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін