Астанадан Абай облысына синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

Сурет: видеодан алынды
Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткі жеткізудің тұрақты арнасының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласының тұрғыны синтетикалық есірткілерді Астана қаласынан жүйелі түрде жеткізіп, оларды облыс аумағында одан әрі таратумен айналысқан.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан жалпы құны 50 млн теңгеден асатын 2 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген есірткі көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық мән-жайын, сондай-ақ оған қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген 2026 жылғы 14 тамыздағы хабарламада.

Бұған дейін СҚО-да есірткіге толы сөмке арқалаған жас жігіттің ұсталғаны хабарланған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады