СҚО-да есірткіге толы сөмке арқалаған жас жігіт ұсталды

Есірткі, Петропавл, СҚО, жас жігіт, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 17:28 Сурет: polisia.kz
Петропавлда полицейлер синтетикалық есірткіні тасымалдады және таратты деген күдікпен 20 жастағы ер адамды ұстады. Оның сөмкесінен ұнтақ тәрізді зат салынған 120 бума тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктінің айтуынша, ол бумаларды Астанадан алып, Петропавл аумағындағы жасырын орындарға орналастыруы тиіс болған. Алайда жоспарын жүзеге асырып үлгермей, полиция қызметкерлерінің қолына түскен.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 273 грамнан асатын синтетикалық α-PVP есірткісі екені анықталды. Осылайша, полицейлер бірнеше мың дозаның қала көшелеріне таралуына жол бермеді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды". СҚО ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: