Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлау науқанын жалпы алғанда, кандидаттарды ұсыну және партиялық тізімдерді тіркеу, үгіт жүргізу және дауыс беру процестерін қоса алғанда, құқықтық алаңда, тілектестік пен тыныштық жағдайында өтті.
"Сайлау комиссиялары тарапынан бұзушылықтар, бюллетеньдерді заңсыз беру, басқа адамдар үшін дауыс беру және бюллетеньдерді тастау фактілері болған жоқ. Сондай-ақ аккредиттелген байқаушылармен және БАҚ өкілдерімен жанжалдар, оларды сайлау учаскелерінен шығарып жіберу фактілері және қоғамдық тәртіптің өзге де өрескел бұзушылықтары тіркелген жоқ". ҚР Бас прокуратурасы
Құзыретті орган мәліметінше, сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің бүкіл кезеңінде әкімшілік құқық бұзушылықтың небәрі 2 құрамы бойынша 15 бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда, бұл – 3 заңсыз сауал салу фактісі және 12 факт - оған тыйым салу кезеңінде үгіт жүргізу.
Салыстыру үшін, Бас прокуратура 2023 жылғы сайлаудағы фактілерді алға тартты. Ол кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың 8 құрамы бойынша сайлау заңнамасын бұзудың 69 фактісі орын алды.
"2026 жылдың осы электоралдық кезеңінде прокурорлармен барлығы 12 өтінішті қаралды. Олардың әрқайсысы бойынша түсіндірме сипатындағы жауаптар берілді. Барлық өтініштер партиялық тізімдерді тіркеу және үгіт жүргізу мәселелеріне қатысты болды. Құқықтық ахуал 2023 жылғы наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында мүлде өзгеше болды. Сол кезде прокуратура органдары 113 өтініш пен шағымды қарады, яғни биылғыдан 9 есе көп.2023 жылғы сайлау науқаны кезеңінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар сот органдарына 82 талап арыз берді, ал биыл, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттар соттарға жүгінген жоқ". ҚР Бас прокуратурасы
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жолдаған болатын.